Сарамандық және СӨМЖ сабақттарға арналған сөз тақырыптарының мазмұны

Студентке арналған

жұмыс бағдарламасы (СИЛЛАБУС)

Пән «Шетел тілі: Ағылшын тiлi»

Мамандық 050509 «Қаржы»

050301 «Құқықтану»

Оқу нысаны Күндiзгi

Курс II

Семестр III

Зертханалық сабақ 30 сағат

СӨЖМ 15 сағат СӨЖ 15 сағат

Сынақ –III семестр

Барлығы - 60 сағат

АСТАНА – 2013

050509 - «Қаржы» және 050301«Құқықтану» мамандықтары бойынша Қазақстан Республикасы жоғары бiлiмiнiң мемлекеттiк стандарты (ҚР бiлiм және ғылым Министрлiгiнiң бұйрығымен бекiтiлiп 22.06.2006 ж. № 277 iске қосылған) құрастырылған.

Пәннiң типтiк бағдарламасы «Шетел тiлi барлық мамандықтар мен дайындау бағыттарына арналған. Алматы, 2007.

Жұмыс бағдарламасын құрастырған: Оқытушы Ясинова К.А.

Оқу-әдістемелік жоспар бойынша құрастырылды

Шет тілдер кафедрасының отырысында қарастырылды

« » сентября 2013 ж. Хаттама №

Кафедра меңгерушісі: доцент Волкова Л.В.

Институттың әдістемелік кеңесінде қаралып бекітілген

« » сентября 2013 ж. Хаттама №

Декан­­­­___________________________

«__» _____________ 2013ж

SYLLABUS

Шетел тілі: Ағылшын тiлi

Деңгей В1

Оқу пәннің өткізілетін орны: Сабақ кестесі бойынша

Уақыты: СӨМЖ консультация кестесі бойынша

Кредиттер: 2 кредиттер (сарамандық сабақтар – 30 сағат, СӨМЖ – 15 сағат, СӨЖ – 15 сағат) 3 семестр

Емтихан: 3 семестр

Пререквизит: орта мектептегі ағылшын тілі білімі

Постреквизит: білімді өз күшімен тереңдетіп және болашақ қызметіне дағдыларын жоғарлату

ТҮСIНIК ХАТ

Бұл бағдарлама жоғарғы оқу орнының күндiзгi оқу бөлiмiнде оқитын II курс студенттерiне арналған.

Пәндi оқыту мақсаты Шет тiлiн оқытудың негiзгi мақсаты мен мiндеттерi студенттердiң мамандықтарына байланысты негiзделiп жасалған. Күндiзгi оқу бөлiмiнiң студенттерiне шет тiлiн оқытудың негiзгi мақсаттары:

- студенттердiң жазу, ауызекi сөйлеу қабiлетiн дамыта отырып, мамандықтарына байланысты мәтiндердi қысқаша баяндап беру және ағылшын тiлiнде әдебиеттi сөздiкпен аудара бiлу қабiлеттерiн арттыру болып табылады.

Пәндi оқу мiндеттерi

Курс соңында студенттер келесi салаларды бiлулерi мiндеттi:

- фонетикадан: әрiптердiң айтылу және оқылу ережелерi;

- орфографиядан: грамматикалық, лексикалық нышандарға байланысты орфографиялық ұқсастықтарын ажыраты бiлу;

- грамматикадан: сөйлемдердi сауатты құрастыру үшiн грамматикалық құрылымдарды дұрыс қолдана бiлу;

- лексикадан: көп мағыналы сөздердiң мәндерiн бiлiп, күрделi сөздердiң туындысын ажырата алу;

-

Студенттердiң бiлiмiне және дағдысына қойылатын талаптар

Студенттер келесi қабiлеттердi игере алулары керек:

- мәтiндердi өздiгiнен оқып, оның мазмұнын ұға бiлу;

- iс қағаздарын толтыру, өзi туралы қысқаша баяндама жазып бере алу;

- ағылшын тiлiндегi әдебиеттi сөздiк арқылы аудара бiлу;

- ауызекi сөйлеу дағдыларын дамыту: а) бiр-бiрiне сұрақ қойып, оларға жауап бере алу; ә) күнделiктi тұрмысқа байланысты тақырып төңiрегiнде әңгiмелесi алу; б) оқыған тiл материалының қысқаша мазмұнын айта алу;

- студенттердiң бiлiмi сынақ, емтихан арқылы тексерiледi. Емтихан тапсыру үшiн студенттердiң мiндеттемесi: 1) мәтiндi дұрыс оқып, сөздiк арқылы аудара бiлу; 2) тақырыпқа байланысты әңгiме құрастыра алу.

Білімбақылау жүйесі.

Аудиториялық сабақ кезінде күнделік бақылауын жүргізуі; СӨЖ және СӨМЖ орындалуын тексеруі; әр блокта проект, топтық проект, баяндама, бақылау жұмыстары, тест түрінде екі уақытаралық бақылау жұмыстарын өткізілуі жоспарлануда.

Аудиториялық сабақ кезінде күнделік бақылау -30%

СӨЖ және СӨМЖ қадағалау -25%

Уақытаралық қадағалау -25% Қорытынды емтихан -20%

Емтиханның бағасы білім сапасының уақытаралық қадағалау– 65% және қорытынды аттестацияның 35% қосындысынан тұрады және 100% құрайды, баға мына формуламен шығарылады:

Қ%=Р1+Р2*0,8+Э*0,2

Бұның

Р1 – бірінші рейтингтің пайыздық бағасы;

Р2 – екінші рейтингтің пайыздық бағасы;

Э – емтиханның пайыздық бағасы.

Қорытынды бағаны шығару үшін рейтингте және емтиханда көрсеткен студенттердің білімін 0-ден 100 пайызға дейінгі деңгейлерде бағалау керек.

Пән бойынша студенттердің қорытынды бағалары

Әріптік жүйедегі бағалар Баллдардың сандық эквиваленттері %-тік құрамы Дәстүрлі түрде бағалау
А 4.0 95-100 Үздік
А- 3.67 90-94
B+ 3.33 85-89 Жақсы
В 3.0 80-84
В- 2.67 75-79
С+ 2.33 70-74 Қанағаттанарлық
С 2.0 65-69
C- 1.67 60-64
D+ 1.33 55-59
D 1.0 50-54
F 0-49 Қанағатсыз

Сарамандық және СӨМЖ сабақттарға арналған сөз тақырыптарының мазмұны


2773432765406205.html
2773511806991887.html
    PR.RU™